Тапсырыс беруші: Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ
Жобаның мерзімі: тамыз 2023 жыл - қараша 2023 жыл
Жобаның мақсаты
Өңірдегі жастар ұйымдары басшыларының тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби құзыреттерін дамыту, жаңа жас көшбасшыларды анықтау.
Қол жеткізілген нәтиже
Тағылымдамаға қатысушы үміткерлерді анықтау, іріктеу, даярлау және оқыту. Ақтау қаласында орналасқан 6 шағын аудан 50 ғимарат «Жастар үйі» мекенжайы бойынша жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсе материалдық-техникалық базамен жабдықталды. Жобалық менеджмент, Қаржылық бақылау бойынша тәжірибесі бар 2 маманнан тұратын штат жасақталды. Жобалық кеңсе конкурстық комиссиялардың отырыстарын өткізу, жастарға кеңес беру орнына айналды.Жобаға әлеуметтік желіден арнайы парақша ашылды. Жобаны ақпараттандыру бойынша 1 медиа жоспар (ақпараттық жұмыс жоспары) жасақталды. Байқаудың конкурс ережесі мен техникалық іріктеу ережесі жасақталды. Жобаға өтінім қалдыру бойынша 2 бейнеролик жасақталды. Жобаға қатысуға 58-өтінім түсті. 30 өтінім байқау комиссиясына жолданды. Конкурсттық комиссия құрылды. Жобаға 56 өтінім түсті, 30-өтінім байқау комиссиясына жолданды.
Жастар ұйымдарының жетекшілері үшін Түркия мен Әзірбайжан Республикасы және Республикалық маңызы бар қала Алматы қаласында ҮЕҰ-ына және әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарына тағылымдамалар ұйымдастыру. Түркия мен Әзірбайжан Республикасы және Республикалық маңызы бар қала Алматы қаласында ҮЕҰ-мен және әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарында үш күндік сапар ұйымдастырылды. Үш жақты (қатысушы -ұйымдастырушы-серіктес) келісім негізінде тағылымдама бағдарламасы жасақталды. Тағылдамаға қатысушыларды делегаттарды ілеспе құжаттармен және имиджік материалдармен қамтамасыз етілді. Тағылымдамадан өтуші делегаттардың жол жүру, жатын орнын және тамақтануын қамтамасыз етілді. Тағылымдама бойынша арнайы бағдарламалар жасақталды. Түркия Республикасы (Стамбул, Анкара), Әзірбайжан Республикасында (Баку) ҚР Төтенше және өкілетті елшілерімен жеңімпаз жастар кездесті. Тағылымдама аясында 20-дан ұйымдармен серіктестік орнатып, ұйымдармен танысты.
Тағылымдамаға қатысушыларға тағылымдамаға дайындық және одан өту кезеңдерінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету. Жоба шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ілгерілету бойынша контент-жоспар жазылып, бекітілді. Жоба шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та белсенді SMM жылжыту, материалдар мен роликтер дайындалып, тұрақты түрде жарияланды. Әлеуметтік желілерге арналған жобалардан қысқа есептік роликтер тағылымдама аясында күнбе күн жарияланды. Тағылымдамадан өтуші – делегаттармен онлайн және офлайн тұрақты байланыс орнату мақсатында чат ашылды. Жоба аясында арнайы әлеуметтік парақша ашылды 56 материал салынды, оқырманы саны 5662.БАҚ-беттеріне 100-ден аса материал жарияланды.15-тен бейнеролик түсіріліп, жарияланды.2 мемлекеттік органмен меморандум жасақталды.
Өңірдегі мансаптық өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқарушылық құзыреттерді дамытудың жоғары деңгейіне ие қазіргі заманғы және тиімді жас көшбасшылардың пулын қалыптастыру. Тағылымдамадан өткен жастар ұйымдарының жетекшілерінен, өңірдегі белсенді жас азаматтардың, қоғамдық пікір көшбасшыларынан құрылған «Жас көшбасшылар пулін» құрылды. Құрамына жобаға қатысқан жастар қосылды. Жас көшбасшылар пуліне мүше жастардың қоғамдағы беделін, жастар арасында танымалдылығын арттыру бойынша пиар-кампания ұйымдастырылуда.
Телефон және пошта арқылы кез келген сұрақтарға ашықпыз: