Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында гранттық рәсімдердің барынша ашықтығын қамтамасыз ететін «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру

Тапсырыс беруші: ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ
Жобаның мерзімі: қыркүйек 2023 жыл - қыркүйек 2024 жыл
  • Жобаның мақсаты

    NEET санатындағы жастардың (уақытша жұмыссыз жастар) өмір сүру сапасын әлеуметтік бастамаларға, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікке қаржылық қолдауға қол жеткізу және олардың өмірлік дағдыларын дамыту арқылы жақсарту.

    Күтілетін нәтиже

    1. «ZHAS PROJECT» жобасын іске асыру бойынша аймақтық жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыру (жыл сайын).

    2. Жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған NEET санатындағы жастарға (уақытша жұмыссыз жастар) арналған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде шағын грантқа 1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға 28 шағын грант беру, оның ішінде Алматы қаласында – 20 шағын гранттар (жыл сайын), Маңғыстау облысы – 8 шағын грант (жыл сайын).

    3. Әлеуметтік жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту бойынша білікті тренерлерді, тәлімгерлерді, психологтарды және мамандарды шақыра отырып, шағын гранттарды іске асыру кезеңінде жастарға құқықтық және консультативтік (тәлімгерлік) қолдау көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету (жыл сайын).

    4. NEET санатындағы (уақытша жұмыссыз жастар) жастардың әлеуметтік жобаларының көрмесімен қорытынды іс-шараны ұйымдастыру (2024 ж.).

    5. Жыл сайынғы колл-орталықты және кері байланыс пен мәселелерді шешу механизмін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

    6. Ақпараттық қамту – жыл сайын 140 мың адам.



Телефон және пошта арқылы кез келген сұрақтарға ашықпыз:

+ 7 700 362 91 62

Email: tupkaraganzhastary@mail.ru

Ақтау қаласы, 6 шағын аудан, 18 ғимарат