Тапсырыс беруші: Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы
Жобаның мерзімі: қараша 2023 жыл - желтоқсан 2023 жыл
Жобаның мақсаты
Маңғыстау облысы аумағында белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Қол жеткізілген нәтиже
Әлеуметтік жобаның ережесі жасақталды.
Жобаның ақпараттандыру кезеңінде бірлестік мүшелері Маңғыстау облысына қарасты қала мен аудандарда жастар, жастар ұйымдарының, бастамашыл топтардың мүшелерімен 9 кездесу ұйымдастырды. Кездесулерге 705 жас қатысты.
Жобаны тиімді іске асыру және қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлестік жоба бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асырды. Бірлестік жобаға өтінім қалдыру бойынша 2 бейнеролик әлеуметтік желіде жарияланды.
Жобаның дайындық кезеңінде бірлестік Маңғыстау облысы Ақтау қаласында жоба бойынша жобалық кеңсе, жоба командасын жасақтап, құрды. Жоба бойынша полиграфиялық өнімдер дайындалып, ақпараттық кездесулерде таратылды (баннер, плакаттар, буклеттер, т.б.). Жобаның басталғаны туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығында брифинг өткізілді.
Бірлестік Жоба бойынша консультациялар беру және кері байланыс алу үшін бірыңғай телефон нөмірін айқындау арқылы колл-орталықтың жұмысын ұйымдастырды.Мәтіндік хабарламалар қабылданатын WhatsAp мессенджерінде чат, Telegram боттар ашылды.
Әлеуметтік желілерде (Instagram және Facebook) бірлестік парақшасы арқылы және @tauelsizdik.urpaqtary жоба туралы ақпараттар жарияланды. Идея алмасу, аудиторияны, оның ішінде блогерлерді, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту арқылы ақпараттық толқын ұйымдастырылды.
Конкурстың ережесін түсіндіру бойынша аймақтағы кемінде 20 мың оқырманы бар инфлюенсерлердің парақшалары арқылы 2 тікелей эфир ұйымдастырылып, өткізілді.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жастарға грант беру конкурс 20 қазаннан басталып, 5 желтоқсан күні аяқталды. Байқауға 192 өтінім түсіп, 184 комиссияға жолданды. Конкурс туралы хабарландыру барлық қолжетімді хабарлау арналары арқылы жергілікті баспа БАҚ, әлеуметтік желілердегі танымал пабликтер мен топтар арқылы, жобаның ақпараттық ресурсы және серіктестердің сайттары арқылы, мессенджерлерде жаппай таратылды.
Конкурстық өтінімдерді жинау мақсатында @tauelsizdikurpaqtary2023@gmail.com электронды почтасы ашылды. Өтінімдер тіркеліп, тіркеу номерлері берілді.
Өтінімдерді іріктеу екі кезеңде өтті: - техникалық іріктеу мен конкурстық комиссия. Конкурстық комиссия құрамы 15 адамнан жасақталды. Құрамына мемлекеттік орган, депутаттар мен ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары шақырылды. Техникалық іріктеу мен конкурстық комиссия қорытындысы хаттамалары ашық алаңда жарияланды.
Жеңімпаз 25 жас ұсынылған өтінімге сәйкес шағын грант бойынша әлеуметтік бастамаларын іске асыруда.
Телефон және пошта арқылы кез келген сұрақтарға ашықпыз: