"Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету" әлеуметтік жобасы
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облысының білім басқармасы мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ
Жобаның мерзімі: сәуір 2023 жыл - желтоқсан 2023 жыл
Жобаның мақсаты
Маңғыстау облысы бойынша 250 мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру
Қол жеткізілген нәтиже
Дайындық кезеңі. Ақтау қаласында орналасқан «Жастар үйі» мекенжайы бойынша жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсе материалдық-техникалық базамен жабдықталды. Жобалық менеджмент, Қаржылық бақылау, заң мәселелері бойынша білімі және тиісті біліктілігі мен тәжірибесі бар 3 маманнан тұратын штат жасақталды. Әлеуметтік жобаның әдістемелік құжаттарын жасақтау үшін жобаларды басқару жөнінде 1 сарапшы маман тартылды. Жобалық кеңсе конкурстық комиссиялардың отырыстарын өткізу, жастарға кеңес беру орнына айналды. Жобалық кеңсенің жұмыс жоспары жасақталды – 1. Облыстық жобалық кеңсе туралы ақпараттарды 2 ақпарат жарияланды. Жастардан кері байланыс орнату мақсатында мәтіндік хабарлама қабылданатын Whatsap мессенджерінде чат және Telegram bot ашылды. Жобаны ақпараттандыру бойынша 1 медиа жоспар жасақталды.
Жобаның басталуын ақпараттық жариялау.Жобаның басталғаны туралы әлеуметтік желіде ақпараттар таратылды. Бірлестіктің парақшасында жоба туралы ақпараттар жарияланды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпараттық посттар – 50. Жоба барысында 5тен кем емес 9 бейнеролик жарияланды. Бірлестіктің парақшасының жазылушы саны 2000-нан асты. Аталған жоба аясында 3 дайджест жасақталды. 51 жарияланымдар жарияланды.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалды тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша оқыту курстарын өткізу. Жоба барысында білім беру ұйымдарының басашылары мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және педагог-психологтар мен пән мұғалімдеріне арналған «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалды тұрақтылығын қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту-тренингі өткізілді. Оқыту-тренингі барысында арнайы 9 бағдарлама жасақталды. Қатысушы мұғалімдерге арналған 5 оқыту өткізілді. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған және әр аудан мен қалада педагог-психологтар мен пән мұғалімдеріне арналған оқыту өткізілді. Оқыту бағдарламасы негізінде оқыту-тренингін жүргізген жаттықтырушылар саны – 2. Жоба барысында жалпы саны 250 мұғалім қатысты. Жоба қатысушылары арасында 2 онлайн оқыту жүргізілді.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалды тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша оқыту курстары. Әр ауданда 35 мұғалімді қамту.Өңір бойынша 5 аудан, 2 қалада ұйымдастыру. Оның ішінде педагог-психологтар және пән мұғалімдері. Жоба аясында алдымен ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Тапсырыс беруші орынмен арнайы ақпараттаралынып,жұмыстар басталды. Әлеуметтік желіде ақпараттық посттар жарияланды. Жобаға қатысушы барлық мұғалімдерді анықтап, олармен байланыс орнатылды. Жоба барысынды қатысушыларды оқыту-тренингінен өткізетін тренерлерді анықтап байланыс орнатылды.Оқыту-тренингінің тренері – тәжірибелі тренер Арман Ақбердиев.Аталған жоба аясында 5 ауданда және 2 қалада оқыту-тренингі өткізілді. Атап айтқанда, Жаңаөзен мен Ақтау қаласында, Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында оқыту-тренингтерін өткізді. Оқыту тренингі арнайы педагог-психологтар мен педагог тренерлерге жүргізілді. Әр оқыту-тренингі барысында қатысушылар белсенділік танытып, тренингке ерекше ықыласпен қатысты. Әр ауданда 30-35-ке қатысушылар болды. Оқыту-тренингтер басталмас бұрын қатысушыларға арнайы жасалған әдістемелік құралдар таратылды. Қатысушылар әр оқыту-тренингі аяқталғаннан кейін әлеуметтік желіде өз-пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады.
Білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған екі күндік оқыту ұйымдастыру. Әр аудан, қала бойынша жалпы 75 мұғалім, яғни тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 20 мектеп директорлары. Жоба барысында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған арнайы оқыту-тренингі өткізілді. Оқыту-тренингін арнайы кәсіби педагог-тренер Ибраимов Саят Нұрқасымұлы өткізді.Алдымен әр ауыл мен аудан, қаладан келген білім беру ұйымдарының басшыларына арналған оқыту-тренингі жүзеге асырылды. Оқыту-тренингі кезінде жоба бойынша 20 мектеп директорлары қатысты. Оқыту барысында қатысушылар арнайы жасақталған бағдарлама бойынша Ұжымдық мәдениетті қалыптастыру, көшбасшылық, ұстаздық миссия тақырыптарында біліктіліктерін арттырды. Оқыту-тренингі соңында қатысушылар кері байланыс жасап өз пікірлері мен жылы лебіздерін білдірді.
Білім беру ұйымдарының басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын арналған оқыту-тренингі. Оқыту-тренингті арнайы кәсіби педагог-тренер Ибраимов Саят Нұрқасымұлы өткізді.Аталған тренинг барысында аудан мен қалалардан келген 75 мұғалім қатысушы болды. Олар тренинг барысында ұжымдық мәдениет және ұстаздық миссия тақырыптарында оқытудан өтті. Тренердің әрбір түсіндіргін тақырыбын ерекше зейінмен қабылдай алды. Тренер қатысушылардың тренерді бірден қабылдап, тренингке белсене қатысқанын кері байланыс ретінде атап өтті.Тренинг барысында біліктілігін арттырумен қатар әртүрлі іскерлік ойындар ойнатылды. Қатысушылар әр берілген тапсырмаларды топпен, жеке және жұппен орындады. Тренинг соңында қатысушылар тренерге деген, тренингке деген ой-пікірлерімен бөлісті.
Оқыту мен тәрбиелеудегі үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелер жинағы дайындалады. Жоба аясында қатысушыларға арналған арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелер жинағы жасақталды. Жобаға қатысқан әрбір қатысушы ұстазға жұмыс барысында қажет ететін арнайы педагог тренерлермен бірлесе жасақталған әдістемелер таратылып берілді.
Телефон және пошта арқылы кез келген сұрақтарға ашықпыз: