Тапсырыс беруші: Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ
Жобаның мерзімі: наурыз 2023 жыл - қараша 2023 жыл
Жобаның мақсаты
Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өңір жастарының көшбасшылық қабілетін дамыту
Қол жеткізілген нәтиже
Дайындық кезеңі. Ақтау қаласында орналасқан «Жастар үйі» мекенжайы бойынша жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсе материалдық-техникалық базамен жабдықталды. Жобалық менеджмент, Қаржылық бақылау, заң мәселелері бойынша білімі және тиісті біліктілігі мен тәжірибесі бар 3 маманнан тұратын штат жасақталды. Әлеуметтік жобаның әдістемелік құжаттарын жасақтау үшін жобаларды басқару жөнінде 1 сарапшы маман тартылды. Жобалық кеңсе конкурстық комиссиялардың отырыстарын өткізу, жастарға кеңес беру орнына айналды. Жобалық кеңсенің жұмыс жоспары жасақталды – 1. Облыстық жобалық кеңсе туралы ақпараттарды 2 ақпарат жарияланды. Жастардан кері байланыс орнату мақсатында мәтіндік хабарлама қабылданатын WhatsAppp мессенджерінде чат және Telegram bot ашылды. Жобаны ақпараттандыру бойынша 1 медиа жоспар жасақталды.
Мақсатты топтар арасында ақпараттық жұмыс. Жобаның басталғаны туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында брифинг өткізілді. Бірлестіктің парақшасында жоба туралы ақпараттар жарияланды. Жобаға қатысушылардың негізгі шарттарын көрсете отырып бейнероликтер жасақталып, жарияланды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі посттар – 50. Жобаға қатысудың негізгі шарттарын түсіндіру мақсатында 1 бейнеролик жасақталды. Бірлестіктің парақшасының жазылушы саны 2000-нан асты.
Облыс жастарының қатысуымен 7 көп компонентті оқыту өткізу. Бірлестік тапсырыс берушімен келісе отырып оқытуға қатысушы жастар үшін байқау ережесін әзірледі. Байқауға 50 жас қатысып, 25 жас іріктелді. 50 жастан 25 жасқа дейін төмендету тапсырыс берушімен келісе отырып, жасақталды. Оқытуды өткізетін тренерлер бойынша байқау жарияланды. 8-өтінім түсті, 4 тренер іріктелді. Бірлестік аталған есептік кезеңде жас кқшбасшылар мектебі жобасы бойынша 3 оқыту өткізді. Жобаға қатысушы жастар 7 көп компонентті оқытудан өтіп, ТОТ жаттықтырушы атанды. Тренингтен өткен жастар жоба аясында өзге жастарға 10 тренинг өткізді. Әрбір оқытудан соң ментор және жобаларды басқару сарапшысымен жұмыстар жүргізілді. Жоба соңында облыс бойынша Жас көшбасшылар пулі құрылды.
Алғашқы оқыту тақырыбы «Тұлғалық дағдыларды дамыту» тақырыбында жүргізілді. Тренинг мақсаты жастардың жаңа дағдыларын дамытуға, ұйымшылдыққа, шабыт пен өзіне деген сенімділікке, әлеммен позитивті қарым-қатынас жасауға және мәселелерді тез, сындарлы шешуге көмектесу.Тренингті Республикалық әлеуметтік жобалардың эксперті, тренер Султанова Асима өткізді.
2 оқыту тақырыбы – «Көшбасшылық» болды. Тренингтің мақсаты - жастардың көшбасшылық қасиеттерін, көшбасшылық стратегияларын дамыту болып табылады.Тренингті Республикаға танымал тренер Бағлан Қалдарбеков келіп, 2 күндік оқыту-тренингін өткізді. Тренинг кезінде қатысушы жастар тақырыппен танысып, топпен бірге тапсырмаларды орындады.
3-оқыту тақырыбы «Кәсіби оратор». Тренингтің мақсаты - көшбасшы жастарды ораторлық өнер негіздеріне, презентациялар өткізуге, психологиялық дайындық жүргізуге, қобалжу мен қорқыныштан құтылуға, сөзді дұрыс таңдай білуге бағытталған. Тренингті Республикаға танымал тренер Нұрлан Азаматов келіп, 2 күндік оқыту-тренингін өткізді. Тренинг барысында Нұрлан Азаматов ел алдында қысылмай сөйлеу тактикаларын, дұрыс сөйлеу, ойыңды тез жинақтау, көркем сөз шеберлігі бойынша тың ақпараттармен бөлісіп, тәжірибе жүзінде тапсырмалар берды.
4-оқыту «Имидж және әлеуметтік желі» тақырыбында жүргізілді. Оқуды арнайы тренер SMM кеңесші, Youtube продюсер Жанасыл Болатбек және контент-мейкер Ерболат Жидебай қатысушы жастарға 2 күндік оқыту-тренингін өткізді. Оқыту барысында қатысушы жастарға имидж деген не және оны қалай қалыптастыру керектігі жөнінде, жалпы әлеуметтік желінің қыр-сырын үйретіп, тың ақпараттарымен тренер Жанасыл Болат бөлісті. Контент-мейкер Ерболат Жидебай «Инстаграм алгоритмі» тақырыбында мастер класс өткізді. Мастер класс барысында қатысушы жастарға инстаграм әлеуметтік желісінде парақшаны дұрыс жүргізу, стористегі қателіктер, охватты көтеру, REELS бойынша жаңа, тың ақпараттармен бөлісті.
5-оқыту «Тренерлерге арналған тренинг» тақырыбында болды. Тренингтің мақсаты Қатысушылардың тренерлік құзыреттерін қалыптастыру мен дамыту,тренингтік бағдарламаны жазу әдістемесін үйрету, тренингтік топтың психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерімен таныстыру. Тренингті арнайы Республикалық танымал сертификатталған тренер, Ұлттық тренинг пен ұйымдық психология орталығының басшысы Ерлан Мұстафин, 2 күндік тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушы жастарға трениг жүргізу, тренерлік жобаны жазу, тренингтің әдістері тақырыбында ақпараттармен бөлісіп, қатысушы жастарға тапсырмалар беріп, орындатты. 25 жылдық тәжірибесі бар тренер ретінде қатысушы жастармен тығыз байланыста жұмыс жасап, жақсы әсер қалдырды. Осы тренингтен кейін қатысушы жастар өздерінің қателіктерімен тікелей жұмыстанды.
6-оқыту «Ұйым.Жоба.Грант» тақырыбында өткізілді. Тренингтің мақсаты қатысушы жастарға Үкіметтік емес ұйым деген не? Ұйымның жұмысы қандай? Жоба жазуды үйрену, гранттық жобаларға қатысу және оны жүзеге асыру тақырыптарында толық ақпарат беру. Тренингі арнайы Республикалық тренер Ануарбеков Мерей келіп, 2 күндік тренинг жүргізді. Тренинг барысында жастарды қызықтырған бірнеше сұрақтар мен тақырыптар бойынша жауап беріп, қатысушы жастармен бірге талқылады. Қатысушы жастар арасында ұйым ашуға деген дайындықпен жүрген, бірақ қорқынышы басым жастармен тікелей жекелей жұмыстанды. 2 күндік оқу нәтижесінде нақты шешімге келіп ұйым ашатын және жоба жаза алатын жастар қалыптасты. Қатысушы жастар өте қажет, тың ақпараттарды алып және тренермен тығыз байланыс орнатты.
7-оқыту «Психология» тақырыбында өткізілді. Соңғы тренинг болғаннан кейін қатысушы жастар барлығы бір деммен қатысып, асыға күткен болатын. Тренингті арнайы Республикаға танымал тренер Абдрахманова Сымбат келіп, 2 күндік тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты жастардың психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру, психологиялық терапия жүргізу. Тренинг барысында қатысушы жастар бір сәтке барлығын ұмытып, психологиясымен жұмыстанды.
Телефон және пошта арқылы кез келген сұрақтарға ашықпыз: